Колледж туралы
Маңғыстау облысы тұрғындарының назарына!
Бейнеу гуманитарлық колледжінің білім саласына қатысты сұрақтар бойынша төмендегідей байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады.
Колледж басшысының м.а Жумагулова Аккенже Байтореевна
8(72932)2-51-05
+7(702) 189 91 95
Басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары - Мектепова Лиза Ермекбаевна
+7(701) 605 79 74
Басшының оқу өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары - Әділов Серік Кәрісбайұлы
8(72932)2-51-49
+7(771) 812 32 83
Басшының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары-Жаңбырова Гүлжамал Сұлтанқызы
8(72932)2-51-49
+7(705) 392 35 62
Басшының ақпараттық технолгиялар жөніндегі орынбасары-Жумагулова Аккенже Байтореевна
8(72932)2-51-05
+7(702) 189 91 95
Басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Ширджанов Нурмухан Шыхбаевич
8(72932)2-51-05
+7777 632 91 74
Бейнеу гуманитарлық колледжінің қабылдау бөлімі:
8(72932) 2-51-06
Колледжімізде Маңғыстау облысының білім басқармасы, «Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы » КММ-сімен бірлесе ұйымдастырған «Оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын қолданудың негізгі бағыттары мен ерекшеліктері» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.
✅️ Семинардың мақсаты:
-Оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын қолдана отырып, болашақ мамандардың кәсіптік дағдылары мен шеберлігін қалыптастыру жолдарын үйрету, өзара тәжірибе алмасу;
- Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді қолдану арқылы педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамыту мүмкіндіктерін арттыру;
- Курстан өту бойынша кері байланысты ұйымдастыру.
✅️ Аталған семинарға Маңғыстау облысы білім берудің оқу- әдістемелік орталығының өкілдері, жергілікті атқарушы органдар, әлеуметтік серіктестік өкілдері, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының инженер – педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
✅️ Семинар бағдарламасына сәйкес ашылу салтанатында колледж директоры Г. Жаулы құттықтау сөз сөйлеп, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Жумагулова «Академиялық дербестік негізінде кредиттік-модульдік оқыту технологиясы бойынша оқу жұмыс жоспарын дайындау» тақырыбында баяндама оқыды.
✅️ Колледж оқытушылары
Б. Каракулов Дене тәрбиесі және спорт тарихы пәнінен,
Г. Тургалиева Ағылшын тілі пәнінен BOPPPS моделімен жоспарланған сабақтар өткізсе, Б. Демеуов студенті
Б. Өткелбаевпен Дене тәрбиесінен,
Б. Дәулетова әлеуметтік серіктес мекеме «Балдырған» бөбекжайында студент Ш. Бағытжановамен Worldskills стандартының тапсырмалары бойынша әзірлеген ашық сабақтарын өткізді.
✅️ Сондай-ақ оқытушылар
Н. Аюпова мен Ә. Махмутова «Сабақ құрылымы барысында сандық дидактиканы қолдану», Л. Мектепова «BOPPPS моделі бойынша сабақ жоспарын әзірлеу», А. Жумагазина мен Ғ. Жолаева «Білім алушыларды пәнге қызықтыруда LUMIO by SMART платформасының мүмкіндіктері» тақырыбында шеберлік сыныптарын өткізді.
✅️ Семинар барысында колледжде оқу жылына жоспарланған ауызша журнал шығарылымының №2 номері оқытушылар Т. Қадыр,
Э. Қосшыбекова,
Г. Жолдасбаеваның ұйымдастыруымен
Д. А. Қонаевтың 110 жылдығына арналған «Ғибратты ғұмыр» тақырыбында көрерменге ұсынылды.
✅️ 1 күнге созылған семинар соңында семинар жұмысын қорытындылау, пікіралмасу мақсатында дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар семинар жұмысын жоғары бағалап, Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы өкілдері, колледж директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Г. Жаңбырова қорытындылады.
Білім Берудің Оқу-Әдістемелік Орталығы
Бейнеу Оқу-әдістемелік-орталығы
Оқу Әдістемелік Кабинеті