Адилов Серик Карисбаевич 2005 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосындағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінде алғаш еңбек жолын бастады. 2006 -2009 оқу жылдары осы мектепте директордың тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2009 жылы Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып жұмысқа орналасты. 2010-2016 оқу жылдары колледж директорының оқу өндірістік практика жөніндегі орынбасары болды.
2016-2019 оқу жылдары Бейнеу ауданының әкімдігінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ –нің директоры қызметін атқарды.
2019 жылдан бастап Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, колледж директорының оқу өндірістік практика жөінідегі орынбасары қызметінде
Адилов Серик Карисбаевич педагогикалық еңбек жолында нәтижелі еңбек етіп келеді. Өзінің және ол дайындаған шәкірттерінің де жетістіктері бар. Ол шығармашылық қабілетін шыңдау мақсаттарында түрлі конференцияларға, олимпиадаларға, байқауларға, семинарларға қатысты.
2011 жылы ҚР Кіші Ғылым академиясының Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен ғылыми- тәжірибелік конференциядағы үздік жұмысы үшін Алғыс хатпен марапатталды.
2013 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасының «Үздік педагог-2013» байқауында Сертификатқа ие болды.
2014 жылы Үздік Диплом «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жағдайындағы пеадгог кадрларды дайындау» облыстық ғылыми- тәжірибелік конференция
2014 жылы Маңғыстау олысының білім басқармасының Сертификаты. «Қазақстандық патриотизм – Тәуелсіздіктің алтын діңгегі» ғылыми- пратикалық конференция.
2015 жылы «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұқбаты» Маңғыстау облыстық форумынада «Әлеуметтік серіктестік – кәсіби мамандар даярлау кепілі» тақырыбында, 2018 жылы аудандық тамыз кеңесінде «Нәтижеге бағытталған білім» тақырыбында баяндамалар жасады.
Адилов Серик Карисбаевичтің шәкірттері де облыстық байқаулар мен сайыстарды жүлделі орындарға ие болды. 2011 жылы Мұханова Іңкәр Тәуелсіздің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық шығармалар байқауында 2 орынға ие болды.
2014 жылы Мухамматдинова Мөлдір, Сулейман Жұлдызай, Муханова Әсем облыстық студенттік ғылыми- практикалық конференция Үздік Дипломмен марапатталды.
Адилов Серик Карисбаевич Абай атындағы орта мектебінің директоры қызметін атқарған кезде де мектеп ұжымы жетістіктерге жетті. 2017 жылы мектеп бітіруші түлектерден 13 түлек, 2018 жылы 21 түлек, 2019 жылы 32 түлек мемлекеттік грантқа ие болды. Мектеп оқушылары Ресубликалық экологиялық байқауда жүлдегер атанды. 2017 жылы 2 түлек Үздік аттестатқа, 2018 жылы 2 түлек, 2019 жылы 1 түлек «Алтын белгіге» ие болды.
2016 жылы Алматы менеджмент университетіне «Іскерлік әкімшілік магистрі» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2018 жылы аталған университетті «Іскерлік әкімшілік магистрі» дәрежесі бойынша бітіріп шықты.
2018 жылы Қазақстан Ресубликасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курсты табысты аяқтады.
Адилов Серик Карисбаевичтің мақалалары мен ғылыми баяндамалары аудандық облыстық, республикалық баспасөз беттеріне де жарияланып келеді.
Адилов Серик Карисбаевтің директордың оқу –өндірістік практика жұмыстарын ұйымдастыру, түлектерді жұмыспен қамту бойынша атқарған жұмыстары да өз нәтижесін беріп келеді. Қазіргі таңда колледждің өндірістік практика жұмыстары бойынша келісім шарттар саны артып келеді. Түлектерді жұмыспен қамту көрсеткіші жыл сайын өсіп 70-80 % көрсетіп келеді.
2014 жылы коллдж оқытушылары А. Қалдаулетова мен А. Сейдахметованың республикалық «Қазақстан мұғалімі» газетіне «Үлкен жүректі ұстазым» тақырыбында С. Адилов туралы мақала жарияланды. Сонымен қатар халықаралық «Лучшие образовательные учереждение» журналына «Лучшие преподаватели» бөлімнде С. Адилов туралы мәлімет жарияланды.
Еңбек жолында мынадай марапаттарға ие болды:
2006 жыл Бейнеу аудандық білім бөлімінің Құрмет Грамотасы
2011 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасының Құрмет грамотасы