Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Директор

Жумагулова Аккенже Байтореевна
1973 жылы дүниеге келген. Ол 1995 жылы Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетін математика және информатика мамандығы бойынша бітіргеннен кейін Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы Ә.Сәрсенбаев атындағы орта мектебіне информатика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып, 2001-2007 жылдары аралығында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы Бейнеу гимназиясында еңбек етті.
Аккенже Байтореевна 2007 жылдың тамыз айынан бастап Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде колледж директорының тәрбие істері жөніндегі орынбасары және 2012-2013 оқу жылынан бастап информатика пәні оқытушысы, 2013-2014 оқу жылынан бастап колледж директорының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
2006 жылы Қазақстан Республикасы ғалымдары мен педагогтерінің «Қазақ білім Академиясы» қоғамдық бірлестігі Төралқасының шешімімен «Педагог-зерттеуші» атағы және төсбелгісі , 2007 жылы Бейнеу аудандық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасы, 2009 жылы Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің Алғыс хаты, 2010 жылы Бейнеу ауданы әкімінің Алғыс хаты , 2013 жылы Манғыстау облысы білім басқармасының Құрмет грамотасы , 2013 жылы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Алғыс хаты , 2014 жылы Маңғыстау облысы білім беруді ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының Алғыс хаты,2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, 2019 жылы Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің Алғыс хаты, 2020 жылы «Mediana Servise Limited» ЖШС-нің Алғыс хаттармен марапатталған.