Колледж тарихы
Келешегі кемел білім ордасы
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізде жас ұрпақтың әлемдік стандартқа сай білім алуы үшін қажетті жағдайлардың жасалғанын айта келе, «Бұл мемлекеттік даму саясатының басым бағыттарының бірі», – деп көрсеткен болатын. Өйткені адамзат баласы үшін білім мен ілімнің алар орны өлшеусіз. Ал, сол білімді - ұрпақ бойына сіңіру – оқыту үдерісі екені мәлім. Елбасының сөзімен айтсақ: «Оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісіне пайдалана білуге де үйретуі тиіс». Осы аталған қағиданы берік ұстанған Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжінің құрылып, білім алушыларды қабылдағанына 2016 жылы
10 жыл толғалы отыр. Он жыл аз да көп те уақыт емес, бірақ, осы жылдар ішінде Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжінен білім алған мыңнан астам білікті маман бұл күнде елімізді өркендету жолында қызмет етіп, қоғам дамуына өз үлесін қосып келеді. Колледж қазір облыстағы мемлекеттік стандартқа сай кәсіптік білім беретін іргелі оқу орнына айналды.
Қоғамды дамыту үшін қоғамға қажетті мамандар дайындау, ол жолға білім ғылым саласының сатыларын жетілдіру арқылы жететіндігіміз айқын. Осындай қоғам, заман сұранысына орай «Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өңірді гуманитарлық және экономикалық мамандармен қамтамасыз ету мақсатында Бейнеу ауданы әкімі Басшы Айжанақұлы Әзірхановтың бастамасымен Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 29 қарашадағы №344 шешімімен құрылған болатын. Бұл аудан, облыс тарихы үшін ерекше орны бар маңызды шешім еді. Өйткені Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжі Маңғыстау облысындағы селолық жерде ұйымдасытырлған тұңғыш колледж. Бұл оқу орнының ашылуы аудан тұғындары үшін маңазы зор. Бейнеу ауданы еліміздегі экономикалық және халық санының өсімі тұрғысанын алдыңғы қатарлы аудан. Ауданда жыл сайын кәсіпорындар санының өсуінен гуманитарлық және экономикалық мамандарға, халық санының жыл сайын өсуіне байланысты мектепке дейінгі ұйымдар мен орта мектептерге қажеттіліктер туып, әр жылдары оқу орындарының саны арттып келеді. Әрине, ол жұмыс орындары мен білім ошақтарына маман дайындау кезек күттірмес мәселе. Мамандардың жергілікті жерден оның ішінде ауылдық жерден дайындалуы экономикалық жағынан да тиімділігін көрсетіп келеді. Екіншіден тәуелсіздік жылдары ішінде елімізге атамекеніне оралған оралман қандастарымыздың балаларының кәсіби білім алуына мол мүмкіндік туды.
Сол кезеңде жаңадан құрылып, аудандағы алғаш колледж атағын алған оқу орнының алдында шешімі табылуы тиіс қаншама жұмыстар тұрды. Ол жұмыстарды ұйымдастырудың өзіндік қиындықтары да болды. Маңғыстау облысындағы селолық жердегі дербес алғашқы ашылған колледжді ұйымдастыру колледж қызметін бір жүйеге келтіріп, бір арнаға түсіру 30 жылдан астам ұлағатты ұстаздық қызмет атқарған Жаңбыров Сұлтанға тапсырылған болатын.
Жаңбыров Сұлтан Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтын биология пәнінің
мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1966-1974 ж.ж Сам орта мектебінде аға пионер вожатый, мұғалім, 1974-1977 ж.ж. кластан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы, 1977-1982 ж.ж. мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 1982-1985 ж.ж. Бейнеу аудандық мәдениет бөлімінің бастығы, 1985-1994 ж.ж. Жангельдин орта мектебінің директоры, 1994-2000 ж.ж. Жангельдин селосының әкімі, 2000-2005 ж.ж. Бейнеу аудандық білім бөлімінің бастығы, 2005-2006 ж.ж Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, 2006 жылдан бері «Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорының қызметін атқарып келеді.
С. Жаңбыров Жангельдин орта мектебінің директоры болып жүрген кезінде осы мектепті
өзін-өзі басқарып, қадағалайтын «Сенім мектебі» дәрежесіне ие ете білді.
Ол аудандық білім бөлімін басқарып жүрген кезде Бейнеу, Ноғайты мектептері мен Бейнеу лицейі, Бейнеу кәсіптік техникалық мектебі, Бейнеу балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, Балалар бақшасы ашылды, Амангелді, Ақжігіт мектептері орта мектептерге айналдырылып және аудандағы бірнеше мектептердің оқушы орындары кеңейтілді. Аудан мектептерінің оқу-материалдық базасының нығаюы мен компьютерленуіне орасан зор үлесін қосты.
С.Жаңбыров кезінде комсомолдың аудандық, облыстық, республикалық Құрмет грамоталарымен және «Социалистік жарыстың жеңімпазы» белгісімен (1973) марапатталған. Сонымен қатар, «Қазақ ССР-і халық ағарту ісінің озық қызметкері» (1988 жыл), «Маңғыстау облысы әкімі мен Облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасы» (1998), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл » мерекелік медалі (2001), «Маңғыстау облысына 35 жыл» төсбелгісі (2008), «Маңғыстау облысы әкімінің құрмет грамотасы» (2008), «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі (2008), «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты» (2009), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011), «Маңғыстау облысына 40 жыл» мерекелік медалі (2013), «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (2014), «Ерен еңбегі үшін» медалі (2014) марапаттарының иегері.
Осындай мол тәжірибе мен шебер ұйымдастырушылық қабылетінің молдығы мен кәсіби құзыреттілігінің арқасында алға қойған міндеттер мен аудан, облыс басшыларының сеніп тапсырған абыройлы ісін жүзеге асыру мақсатында колледж директоры С. Жанбыров орасан зор қызметтер атқарды. Колледжді ауданда ұстаздық қызмет атқарып жүрген білікті мамандармен қамтамасыз ету, студенттер құрамын қалыптастырудан бастап, оқу орнының материалдық – техникалық базасын жасақтау, кітапхана қорын қажетті кәсіби оқулықтар мен оқу- әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету, оқу ғимаратын қалыпты жұмыс жасайтын дәрежеге жеткізу сияқты шешімін табуда мол еңбекті қажет ететін жұмыстарды ұжым басшысы шебер ұйымдастыра білді.
Оқу орны ауданда тұңғыш рет ұйымдастырылып жатқандықтан оқу үрдісіне қажетті мемлекттік құжаттар мен оқу бағдарламаларын жинақтау мақсатында ұжым басшысы бірнеше еліміздің алдыңғы қатарлы колледждеріне барып тәжірибе алмасты. Астана, Алматы, Атырау, Орал, Ақтау қалаларындағы гуманитарлық бағытта білім беретін оқу орындарымен тығыз байланыс жасады.
Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев халыққа Жолдауларында қоғамның әр саласына инновациялық технологияларды пайдалану туралы жиі айтады. Сондықтан да жаңа технолгияны білім берудің қай саласына да енгізу кезек күттімейтін мәселе. Осындай білім беру саласындағы әлемдік технологияның бірі техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы дуальді оқыту технологиясы. Бұл соңғы жылдары әлемнің көптеген елдерінде өз нәтижесін беріп келе жатқан инновация.
Дуальдық оқу жүйесі дамыған Дания, Германия елдерінде техникалық және кәсіптік кадрлар даярлаудың тиімді кең тараған жүйесі деп атайды.Осы жүйемен Дания елінде білім алушылардың - 35 пайызы, Германия елінде 85 пайызы білім алады.
Міне, осы әлемдік озық тәжірибені оқу үрдісіне енгізу, заманауи білім беруді жүзеге асыру мақсатында да ұжым басшысы бірнеше шетелдерде болып, тәжірибесімен танысты. Атап айтар болсақ, 2012 жыл Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында, 2013 жылдың 7-18 қазан күндері Франция Республикасының Севр қаласында, 2014 жылдың қазан айының 26- сы мен 31-і аралығында Германия, Франция, Швейцария елдерінде семинарларда болды. Бұл жүйе бойынша қазіргі таңда колледжде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы дайындалып келеді.
Оқу орынының басты құндылығы оқушы құрамы. Бұл тұрғыдан колледж өз құндылығын жыл сайын жоғарлатып келеді. Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжіне білім алуға тілек білідірушілер саны жыл сайын артып келеді. Колледж алғаш рет 2006 жылы 26 шілдеде Маңғыстау облысының білім басқармасынан АБ №0032304 мемлекеттік лицензия алып, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша күндізгі оқу бөліміне мемлекеттік тапсырыс есебінен 25, сырттай оқу бөліміне ақылы негізде 25 және «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша күндізгі оқу бөліміне мемлекеттік тапсырыс есебінен 25, сырттай оқу бөліміне ақылы негізде 25 студент қабылдаған болатын. Әр жыл сайын студенттер құрамы екі есеге көбейіп отыр.
Қазіргі таңда колледж:
- 0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
010101 3 Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі
-
0105000 Бастауыш білім беру
010501 3 Бастауыш білім беру мұғалімі
010502 3 Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі
-
0111000 Негізгі орта білім
011101 3 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
011102 3 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі
011106 3 Математика мұғалімі
-
0103000 Дене тәрбиесі және спорт
010302 3 Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі
-
0102000 Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгейлер бойынша)
010202 3 Ұйымдастырушы- педагог
-
0518000 Есеп және аудит (салалар бойынша)
051801 2 Бухгалтер
-
0201000 Құқықтану
020102 3 Кеңесші – заңгер
мамандықтары бойынша кәсіби орта білім берудің бағдарламасы негізінде мемлекеттік тапсырыс және ақылы түрде оқытуды жүзеге асырып келеді. Аталған мамандықтар бойынша күндізгі оқу бөлімінде мемлекеттік тапсырыс есебінен 484 студент, ақылы негізде 31 студент, сырттай оқу бөлімінде ақылы негізде 465 студент, барлығы 980 студент білім алады.
Колледж еліміздегі халықтың әлеуметтік жағдайын арттыру мақсатындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына да үлес қосып келеді. Елбасының бастамасымен қабылданған «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешілерін дайындауды тұрақты мақсатқа айналдырды. Сонымен қатар 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша 25 маман қайта даярлау курсынан өтсе, 2012-2015 жылдар аралығында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығына 25 маман даярлады.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында: Білім және кәсіби машық - замануи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдарында бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. деген болатын. Сауаттылығы жоғары ел болу ел болашағы - жастардың қолында. Өйткені бүгінгі білім алушы студент - ертеңгі маман. Ал, сол бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда оқу орнының әлеуметтік серіктестермен атқаратын жұмыстарының маңызы да зор.
Сондықтан да әлеуметтік серіктестік жұмысын ұйымдастыруда жұмыс беруші мен маман даярлаушы және мемлекеттік органдар бір-бірінсіз қажеттіліктерін, сұраныстарын өтей алмайтындай, ортақ мүдде көздейтіндей деңгейге жеткізу- бүгінгі күннің талабы.
Бейнеу гуманитарлық - экономикалық колледжі жоғарыда аталған қағиданы ұстана отырып, колледждің әлеуметтік серіктестері болып табылатын Бейнеу аудандық білім беру бөлімі арқылы аудан орталығындағы «Бейнеу гимназиясы», «Бейнеу лицейімен» және Абай атындағы орта мектебі, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебі, Манашы, Үстірт, Бейнеу, Атамекен, Күйкен орта мектептерімен«Бейнеу балабақшасы», «Балдырған балабақшасы», «Бөбек балабақшасы», «Балауса балабақшасы», «Балдаурен балабақшасы», «Балбұлақ балабақшасы», «Алтын ұя балабақшасы» мекемелерінен екіжақты келісімшартқа отырып, аталған білім мекемелерінде студенттер өндірістік тәжірибеден өтіп келеді.
Ұстаз болу ұлағатты мамандық иесі дейміз. Ал ұстаздардың ұстазы болу, яғни ұстаз дайындау жауапты іс. Бәсекеге қабілетті мамандар даярлау жолында аз ғана жылдың ішінде қалыптасқан педагогикалық ұжымның да еңбегі мол. Білім беру ұйымында ғылыми – педагогикалық және шығармашылық жұмысқа мүмкіншіліктері бар және заман талабына сай мамандар дайындауда жоғары жетістіктерге ие болған жоғары білікті мамандар жеткілікті. Педагог кадрлардың сапалық құрамына тоқтала кетсек, барлық педагогтар санынына шаққанда жоғары және І санатты оқытушылар үлесі 50 % құрайды. Педагог мамандар саны 51 оқытушы, олардың арасында өздернің педагогикалық жолында облысқа, республикаға танымал, кәсіби сайыстар мен конкурстар жеңімпаздары да бар.
Сонымен қатар колледжді бітіруші түлектердің жоғары оқу орындары мен жұмысқа орналасуына тоқталар болсақ, 2008- 2009 оқу жылынан бастап коллледж мындаған маманды еңбек нарығына қосты. Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжін бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру бағытында базалық мекемелерге, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бітіруші түлектер туралы мәліметтер беріліп отырады. Сонымен қатар Еңбек және халқты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Түлек» базалық бағдарламасына бітірушілер туралы мәлімет енгізілді. Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2014- 2015 оқу жылын бітіруші түлектердің 81% жұмысқа орналасса, 4 студент ЖОО білімін жалғастыруда. Колледжді бітіруші түлектер арасында білімдерін ары қарай ЖОО жалғастырып жатқан студенттер арасында өз оқу орындарының білікті студенттері атанып жүр. Бейнеу ауданы еліміздегі экономикалық және халық санының өсімі тұрғысанын алдыңғы қатарлы аудан. Жоғарыда айтып өткеніміздей, ауданда жыл сайын халық санынының өсуінен мектепке дейінгі ұйымдар мен орта мектептерге қажеттіліктер туып, әр жылдары оқу орындарының саны артып отыр. Осы оқу орындарына жергілікті жерден педагогикалық кадрлар дайындау тиімділігін көретіп келеді. Атап айтар болсақ Бейнеу селосында орналасқан жаңадан ашылған Манашы бөбекжайы, Үстірт бөбекжайы, Күйкен бөбекжайы, Бейнеу бөбекжайы сияқты мектепке дейінгі ұйымдарда колледждің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандықтарын бітірген түлектер еңбек етіп жатса, соңғы жылдары ашылған Үстірт орта мектебіне, Манашы орта мектебіне, Күйкен орта мектебіне, Сам орта мектептеріне сонымен қатар, Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжінде, Қарақия кәсіптік колледжі мен Бейнеу политехникалық колледжінде бітіруші түлектер өз мамандыөтары бойынша жұмысқа орналасқан.
Колледж студенттері жыл сайын өткізілетін облыстық ғылыми жобалар сайыстары мен пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып жүр. 2016 жылы облыста өткізілген кәсіптік шеберлік байқауында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының студенті Ермуханова Айман ІІ орынға ие болды.
Білім деңгейі жоғары, ой-өрісі икемді, кәсіби оңтайлылығы, жеке және кәсіби шеберлігі бар, өзінің жеке стратегиясын құра алатын, бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыруға жағдай жасау арқылы білім беру үдерісінің тиімділігін мен сапасын арттыру миссиясын ұстанған Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжінің келешегі - кемел, бүгінінен болашағы жарқын!