Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Жаңалықтар

"Колледж жаңалықтары"

Worldskills Aktau- 2024
республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының негізгі құзыреттіліктері бойынша өңірлік кезеңінде колледж білім алушылары бақ сынап, чемпионат қорытындысы бойынша төмендегідей жүлделерді иеленді:
 "Тәлімгерлік қызмет" құзыреттілігі бойынша- Болатқызы Айым, Қалбаева Асел-Алтын медаль, жетекшісі
Л. Оспанқызы
"Мектепке дейінгі тәрбие"- Изтурганова Жулдыз -Қола медаль, жетекшісі
А. Жумагазина
 Дене шынықтыру және спорт" құзыреттілігі- Н. Исмагулов - Медальон(2-орын), жетекшісі Б.Каракулов
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
ТАЛАПТЫ ДА ІЗДЕНІМПАЗ ЖАСТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕЙ БЕРІҢІЗДЕР, ӘРІПТЕСТЕР! ЖАСТАРЫМЫЗҒА ЖАҢА ІЗДЕНІСТЕР ТІЛЕЙМІЗ!
IX ӨҢІРЛІК "WORLDSKILLS AKTAU 2024" ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
 Бүгін "Worldskills Aktau 2024» кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті.
 Worldskills- жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға негізделген халықаралық жоба. Ол 1946 жылдан бастап әлемнің 83 елінде өткізіледі.
Қоғамға қажетті мамандардың біліктілігін арттыру осы жоба аясында жүзеге асырылады.
Үш күнге созылатын аймақтық чемпионаттың ашылуында Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы Dinara Zhumasheva құттықтау сөз сөйлеп, республикалық, халықаралық чемпионаттардың жеңімпаздары чемпионат алауын жақты.
ЧЕМПИОНАТҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!
"WORLDSKILLS Kazakhstan - 2024" ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КОЛЛЕДЖІШІЛІК КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
    Бүгін «WorldSkiils Kazakhstan - 2024» чемпионатының колледжішілік кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Чемпионтақа колледж оқытушылары мен колледждің әлеуметтік серіктес мекемелерінен сарапшылар қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
   “ WorldSkiils Kazakhstan -2024” чемпионатының колледжішілік кезеңінде 13 құзіреттілік бойынша 87 білім алушы бақ сынасатын болады. Чемпионат 19 ақпан – 23 ақпан аралығында өткізіледі  Чемпионатқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!

 

 

 

 

ДЕБАТ ӨТТІ
«БАЛАЛАР –ИНТЕРНЕТ – МЕДИА ҚАУІПСІЗДІК» білім алушылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы жоспарға сәйкес «Виртуалды әлем – қарсы және қарсы емес» – тақырыбында дебат өтті.
Дебаттың мақсаты виртуалды әлемге байланысты студенттердің білімдерін нығайту, тиянақтау.
Қатысқан "Үкімет" және "Оппозиция" топтары өз көзқарастарын ортаға салды. Өткізілген дебат тақырыбы колледждегі дебат клубы мүшелері үшін қызықты болды.

 

 

ПЕДАГОГТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
 Білім беру ұйымдарындағы педагогтарды аттестациялау қағидаларымен таныстырып, педагогтарды қолдау, портфолиосын әзірлеуге көмектесу мақсатында "ПЕДАГОГ АТТЕСТАЦИЯСЫ: ОҚЫТУ, ЗЕРТТЕУ, ТӘЛІМДЕУ" тақырыбында әдістемелік —тәжірибелік семинар өтті.
 Семинарда басшының ғылыми—әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Гулжамал Жаңбырова ПББ ережелері жайлы түсіндірсе, колледж әдіскері Tolkin Kadir педагог портфлиосына қойылатын талаптарды таныстыр

 

 

 

 

 

 

ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

   Маңғыстау Облысының Білім Басқармасы Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Техникалық және кәсіптік білім беру оқытушыларының облыстық спартакиадасының баскетболдан ерлер арасындағы жарыста колледжіміздің командасы жүлделі II орынға ие болды!

 

 

«Мамандықтар шеруі - 2022» колледжішілік байқау
«Мамандықтар шеруі - 2022» колледжішілік байқау
«Мамандықтар шеруі - 2022» колледжішілік байқау

«Мамандықтар шеруі - 2022» колледжішілік байқау

Студенттердің  ғылыми  қоғамының жұмыс жоспарына сәйкес,колледж директорының бұйрығымен,арнайы бағдарлама жасақталып  Бейнеу гуманитарлық колледжінде студент жастардың колледж  өмірінің түрлі салаларын дамытуға қатысуы мен рөлін арттыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық мәнге ие кәсіптік бағдар қызметіне тарту, студенттердің ұжымдық жауапкершілік сезімін бекіту және қалыптастыра отырып мұғалім мамандығының беделін арттыру мақсатында 2022 жылдың  08-09 желтоқсан күні  колледжішілік  «Мамандықтар шеруі - 2022»байқауы өткізілді.

21-25 қыркүйек аралығындағы дәстүрлі «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте !» тақырыбында өткен тіл апталығы

21-25 қыркүйек аралығында өткен тіл апталығы төтенше жағдайға байланысты ZOOM бағдарламасы бойынша өткізілді. 21-25 қыркүйек аралығында өтетін «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» тақырыбындағы тілдер апталығының ашылу салтанатын  Сарбалаева А, Жолдасбаева Г. ұйымдастырды. Қазақ ойшылдарының тіл туралы видеоролигі көрсетілді. Колледж директоры Қаныбек Әбдібекұлы видео- құттықтауы арналды. Колледж оқытушыларының тіл апталығының ашылуымен құттықтауы жолданды. Колледж оқушыларының тіл туралы белгілі ақындардың өлеңдері  қазақ тілінде, ағылшын тілінде, орыс тілінде мәнерлеп оқылды.

«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық компаниясының   тұжырымдамасына байланысты  шаралардың  ұйымдастырылуы  мен  өтілуі туралы

«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық компаниясының тұжырымдамасына байланысты шаралардың ұйымдастырылуы мен өтілуі туралы

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі  ағымдағы жылдың сәуір айының 4-17сі аралығында «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық компаниясының тұжырымдамасына байланысты  шараларды  жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандардың, педагогтер мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдердің  Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату мақсатында жоспарлы түрде ұйымдастырды

«WorldSkills Kazakstan-2019» байқауы

«WorldSkills Kazakstan-2019» байқауы

«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК-де 2019 жылдың  30-шы қаңтары  күні 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының  0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігі және 0103000«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 0103023 «Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» біліктілігі бойынша студенттердің мамандықтарына деген қызығушылығын арттыруға, халықаралық стандарттарды оқыту-әдістемелік құралдарында пайдалануға, материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға, сарапшылар мен колледж мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға өзіндік үлесін қосу мақсатында  колледжішілік «WorldSkills Kazakstan-2019» байқауы өткізілді. 

 

 

 

 

 «XXI ғасыр –техника ғасыры »

«XXI ғасыр –техника ғасыры »

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде 2018-2019 оқу жылының 03-08 желтоқсан аралығында «XXI ғасыр –техника ғасыры » тақырыбында Н.Аюпованың ұйымдастыруымен  информатика пәні апталығы өткізілді. Апталық аясында информатика пәні оқытушысы А.Жумагулова  «Smart технологиялар-сапалы білім беру негізі» тақырыбында баяндама жасады. 04.12.2018ж. күні информатика пәні оқытушысы Н.Аюпованың     ұйымдастыруымен колледж студенттерінің арасында информатика пәні бойынша пәндік олимпиада  болды.  

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні мерекесі

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні мерекесі

Қарашаның 29-30-ы күндері Бейнеу балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде Аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ы.Божановтың ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ерлер арасында баскетболдан өткен аудандық жарыста «БГЭК» командасы І орын алды. Осы мерекеге орай жерлестеріміз Әбілгерее Ербол мен Садақов Нұрболды еске алуға арналған қазақ күресінен ересектер арасында өткен облыстық ашық турнирде 74 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын алған «Дене тәрбиесі мұғалімі» біліктілігінің І курс студенті Базарбаев Н. марапатталды.

 «Жаңа әлемдегі жас маман шеберлігін арттыруда инновациялық амалдарды қолдану»

«Жаңа әлемдегі жас маман шеберлігін арттыруда инновациялық амалдарды қолдану»

Желтоқсан айының 6-сы күні  Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде жас мамандардың өзіндік білімдерін жетілдірулеріне жағдай жасау, оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана білуіне үйрету, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету  мақсатында әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Жаңа әлемдегі жас маман шеберлігін арттыруда инновациялық амалдарды қолдану»   тақырыбындағы тәлімгерлер семинары болып өтті. 

Студенттер арасында Елбасыға арнау өлеңдерді үш тілде мәнерлеп оқудан сайыс

Студенттер арасында Елбасыға арнау өлеңдерді үш тілде мәнерлеп оқудан сайыс

Студенттер арасында Елбасыға арнау өлеңдерді үш тілде мәнерлеп оқудан сайыс өткізілді. Бұл сайысқа колледж студенттері белсене қатысты. Талапкерлерді  ДӘЖЖО  Г.Жаңбырова,  ұйымдастырушы-педагог Т.Қадыр,  колледж кітапханашысы Ш.Жұмағұлова тыңдап, бағалады. 

"Бүгін-елдікке құрмет күні"

"Бүгін-елдікке құрмет күні"

Колледж кітапханасында "Бүгін-елдікке құрмет күні" тақырыбында кітапқұмар студенттерге виртуальды кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы Ш.Жұмағұлова  Тұңғыш Президенттің өмірін, өскен ортасын, азамат боп қалыптасу кезеңдерін айтып өткен соң, сөредегі кітаптар мазмұнымен таныстырылды. Тәуелсіз еліміздің 27 жыл ішінде қол жеткізген табыстары туралы әңгімелей келе, Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" жолдауында қарастырылған мәселелерге тоқталды. Шара барысында "Ұйымдастырушы-педагог" біліктілігі тобындағы студенттер мәнерлеп өлеңдер оқыды. Виртуальды кітап көрмесі жұмысын колледж ұйымдастырушы-педогогы Т.Қадыр қорытындылады.Осылайша студент жастарға  жаңа кітаптар таныстырыла отырып, кітапханамен байланыста болып кітап оқуға шақырылды.