«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық компаниясының тұжырымдамасына байланысты шаралардың ұйымдастырылуы мен өтілуі туралы
Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі ағымдағы жылдың сәуір айының 4-17сі аралығында «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық компаниясының тұжырымдамасына байланысты шараларды жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандардың, педагогтер мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдердің Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату мақсатында жоспарлы түрде ұйымдастырды.
Сәуірдің 5-і күні ««Қауіпсіз интернетке» саяхат» тақырыбында колледжішілік жиында «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық компаниясының тұжырымдамасына байланысты шаралардың ашылуын Колледж директорының ақпараттық –коммуникациялық технологиялар жөніндегі орынбасары А.Жумагулова ұйымдастырды. Бұл жиында өткізілетін шаралардың мақсат, міндеттерін айта отырып, алдағы іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Бұл жиын 2 кезекте де өткізілді: 1ші кезекте 201 студент, 2 кезекте 212 студент қатысты.
«Математика мұғалімі» мамандығының 3 курс студенттеріне интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру, бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау, студенттердің интернет туралы толық ойларын қалыптастыру мақсатында «Интернетті қауіпсіздендіру бағытындағы шаралар» атты дәріс сабағы өткізілді. Бұл сабақта бірнеше студенттер өз ойларын ортаға салды. Дәріс сабаққа 22 студент және оқытушылар қатысты.
«Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» біліктілігінің 4-курс студенттеріне жасөспірімдер мен кәмілетке толмағандардың, педагогтер мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, интернетті дұрыс пайдалану жолдары мен пайдасы туралы түсінік беру, интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстыру, интернет туралы ойларын толық қалыптастыру мақсатында «Пайдалы және қауіпсіз интернет» атты пікірталас өткізілді. Пікірталасқа 25 студент және оқытушылар қатысты.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Б. Махмутова және колледж психологі А.Жұмағазина «Интернет және біз» атты ата-аналармен кездесу өткізді. Кездесуде «Интернет және біз» тақырыбы аясында әңгіме қозғалып, ата-аналармен сұрақ-жауап алмасты. Ата-аналар өз сөздерінде интернеттің зиянды жақтарын ескеріп және балаларын алдағы уақытта үнемі бақылауда ұстайтындығын айтты.
Жастар ұйымының ұйымдастыруымен «Ғаламторға тәуелділіктің алдын-алу» атты кездесуге компьютер бағдарламасымен қамтамасыз етуші маман Меденов Орынбасар Меденұлы және колледж психологы Жұмағазина Ақмарал Аманжолқызы қатысып, жастарға ғаламторға тәуелді болмай, кітап оқып, сүйікті істерімен айналысуға, бос уақыттарын тиімді пайдалануға кеңес беріп, өз ойларын ортаға салды. Студенттер ғаламтор жайында өлең оқып, тақырыпқа байланысты ән шырқады.
Интернет ресурстарын қолдану мәдиниетін кәмілетке толмағандар мен жасөспірімдердің интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарлату мақсатында «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 1-4 курс студенттер арасында «Интернет менің өмірімде» атты буклеттер байқауы өткізілді. Бұл байқауға «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 21 студенттері өз шығармашылықтарын ұсынды. Нәтижесінде 4 курс студенті Н.Омарова І орын, 3 курс студенті Д.Худайназарова ІІ орын, 2 курс студенті А.Саулебаев ІІІ орын, 1 курс студенті Ж.Аяпова ынталандыру дипломдармен марапатталды.
«Балаларға бала жасынан бастап қауіпсіз интернет қажет» атты шығармалар байқауы болып өтті. Шығарма байқауын колледжіміздің кітапхана меңгерушісі Ш.Жұмағулова және «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» 3-4 курс топ студенттері барлығы 53 студент курс жетекшілері Л.Хыдырбаева және Б.Алдабергеновалармен бірлесіп шығармалар қорытындысын шығарды. Бұл шараға 21 студенттің шығарма жұмыстары қатыстырылды. Байқау қорытындысы бойынша 1 орын Тілекова Сұлухан, 2-орын Айтымбетова Гулнур, 3-орынды Нұрбергенова Жұлдыз иеленді.
«Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» біліктілігінің 1,2 курс студенттері арасында «Интернет және біз» тақырыбында дебат ұйымдастырылды. Дебат барысында студенттердің аталмыш тақырып аясында интернеттің пайдалы және зиянды жақтары туралы жан-жақты ой-толғаулары ортаға салынды. Дебат қорытындысына төрешілік еткен директордың АКТ жөніндегі орынбасары Жумагулова Аккенже Байтореевна «Үздік спикер» номинациясымен Мұратқызы Айгул мен Бауыржанов Ғалымжанды, дебатқа белсенді қатысқаны үшін Есіркепова Айкүн мен Есгалиева Галяны дипломмен және алғыс хаттармен марапаттады. Жас спикерлерге болашақ пікірталаста дәйекті талқылау шеберлігіне жетуге тілек білдірілді.
«Математика пәнінің мұғалімі» біліктілігінің 1 курс МтБ – 18 тобында «Интернет деген не?» атты дөңгелек үстел өтті. Осы тақырыпқа байланысты студенттер интернеттің шығу тарихы , пайдасы мен зияны, интернеттің жетістіктері мен қызметтерін туралы ой – пікірлерімен бөлісті.
«Математика пәнінің мұғалімі» біліктілігінің 2 курс МтБ – 17 тобында «Пайдалы және пайдасыз интернет» тақырыбында дебат ұйымдастырылды. Дебат барысында студенттердің аталмыш тақырып аясында интернеттің пайдасы мен зияны туралы өздерінің ой – пікірлерімен бөлісті. Дебат қорытындысына төрешілік еткен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Махмутова Асемгүл Балтабайқызы «Үздік спикер» номинациясымен Айжариков Бексұлтан мен, Калбаева Ақбөпені, белсенді қатысқаны үшін Рүстемова Венера мен Абдирова Азизаны марапаттады
«Шетел тілінен бастауыш білісм беру» біліктілігінің 1-курс студенттері арасында «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында тәрбие сағаты өткізіліп, студенттер бүгінгі жаһандануда өміріміздің бір бөлшегіне арналған интернет және оның тармақтары әлеуметтік желі туралы өз ойларын ортаға салып, өткен күн мен бүгінгі күннің уақыт щеңберін саралап, артқа көзсалып, өзара әңгіме өрбітіп, мынадай сұрақтарға жауап қатты. «Интернетті күніне неше сағат пайдалансыз?»деген сауалға ешбір студент неше сағат пайдалана алатынын нақты айта алмады.Бұдан шығатын ой интернет-жанымыздағы тіршілік көзіне айналды. «Интернетті не үшін пайдаланасыз?» деген сұраққа сабағыма қажетті ақпаратты іздеуге және аударма сөздігін пайдалану үшін деп барлығы жауап берсе, кейбір студенттер тіл үйрену үшін қосымша өзімді жетілдіру үшін деп жауаптарын айтты.