21-25 қыркүйек аралығындағы дәстүрлі «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте !» тақырыбында өткен тіл апталығы
21-25 қыркүйек аралығында өткен тіл апталығы төтенше жағдайға байланысты ZOOM бағдарламасы бойынша өткізілді. 21-25 қыркүйек аралығында өтетін «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» тақырыбындағы тілдер апталығының ашылу салтанатын Сарбалаева А, Жолдасбаева Г. ұйымдастырды. Қазақ ойшылдарының тіл туралы видеоролигі көрсетілді. Колледж директоры Қаныбек Әбдібекұлы видео- құттықтауы арналды. Колледж оқытушыларының тіл апталығының ашылуымен құттықтауы жолданды. Колледж оқушыларының тіл туралы белгілі ақындардың өлеңдері қазақ тілінде, ағылшын тілінде, орыс тілінде мәнерлеп оқылды.
21 – 25 қыркүйек аралығындағы дәстүрлі «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте » атты тіл апталығы аясында 22.09 күні «World of wonders» зияткерлік сайысы өтті. Сайысты шетел тілі пәнінің оқытушылары Шаленова Айдана Мұратқызы және Тургалиева Гулжанат Амангалиевна ұйымдастырылды. Бұл зияткерлік сайысқа «Шетел тілі пәнінің мұғалімі» біліктілігінің 1 – курс және 2 – курс студенттері, яғни 12 студент қатысты.
Зияткерлік сайыстың мақсаты студенттердің тіл байлықтарын, сөйлеу жылдамдығын арттыру, сөздік қорларын кеңейту, сондай – ақ шетел фильмдерін көрсету арқылы студенттердің тілге деген қызығушылығын ояту.
Сайысты өткізу барысында жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудағы төрт дағды қамтылды : айтылым , оқылым , тыңдалым , жазылым . Сайыс 5 кезеңді қамтыды және оларға студенттер белсенді қатысты . Әрбір кезеңге шектеулі уақыт берілді және әрбір кезеңдері дұрыс жауабына кілт беру арқылы бағаланды . Негізгі мақсат әрбір кезеңнің дұрыс жауабындағы кілт санына байланысты жеңген топты анықтау . Шара өте қызықты және тартысты өтті .
21 – 25 қыркүйек күндері аралығында Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжінде «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» тақырыбында өткен тіл апталығы аясында 21 – 24.09 күндері «Тіл жанашыры – ұлт жанашыры» бейнебайқауы ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы оқытушылар Қадыр Толқын мен Жаңбырова Гүлжамалдың бұл байқауды ұйымдастырудағы мақсаты – жастар арасында өлең оқуды насихаттау, талантты балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік жасау.
Байқау қазақ ақындарының өлеңін мәнерлеп оқу және тіл жанашырлары ретінде вайн түсіру тәрізді 2 кезеңнен тұрды. Колледж студенттері қашықтықтан ұйымдастырылып жатқан бұл шараға белсенділікпен қатысты. Білім алушылар байқауға өз жұмыстарын You Tube каналдарына жүктеу арқылы қатысты.
Байқау нәтижесінде көрермен дауысы және әділқазылар бағасымен мәнерлеп оқу кезеңі бойынша
1 – орынды «Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» біліктілігі 3 – курс студенті Ғанибаева Қызжібек пен «Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» біліктілігі 1 - курс студенті Байзақов Мейрамбек,
2 – орынды «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігі 1 – курс студенті Шүкірбаева Ақбота,
3 – орынды «Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» біліктілігі 3 – курс студенті Абдиева Нұргүл иеленді.
Вайн түсіру кезеңі бойынша:
1 – орынды «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігі 1 – курстықтар,
2 – орынды «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі
2 - курстықтар,
3 – орынды «Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» 1 – курс студенттері алды.
21 – 25 қыркүйек аралығындағы дәстүрлі «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты тіл апталығы аясында 24.09 күні «READх» оқырман конференциясын орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Жолдасбаева Гүлшат Амантайқызы ұйымдастырды. Бұл жобада «Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі», «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктіліктерінің 2 – 3 курс студенттері қатысты. Жобаның мақсаты – көркем әдебиетті оқытуда шығарманың идеялық - тақырыптық мәнін меңгеру және рухани мәдени құндылықтар жөнінде пікір алмасуға үйрету.
Кітаптан алған білім арқылы әлемді тануға болатыны ұғындыру «READх» жобасында мына студенттер: А.Дариябаева, Б.Төребаев, Ғ. Бауыржанов, Г. Оңдасынова, Ж. Рахманбердиев белсенділік танытты. Сілтеме арқылы өтіп, өзіңізге ұнаған кітапқа дауыс беріңіз:
«Қазақстан халықтары тілдері» мерекесіне орай колледжімізде 07 -14.09.2020 ж аралығында «Ана тілім - асыл қазынам» тақырыбында қашықтықтан тіл апталығы ұйымдастырылды.
Апталық аясында әлеуметтік желіде қазақ поэзиясынан үзіндіні мәнерлеп оқу челенджі, ашық тәрбие бейне сабақтары, қазақтың «Бес арысы» мен «Үш бәйтерегі» атанған халқымыздың ұлы тұлғаларының өмірі мен шығармашылығына саяхат ретінде әдеби кеш пен тәрбиелік шара өтті.
Сонымен қатар «Тіл - достықтың көпірі» тақырыбында үш тілде іс-шара өткізіліп, «Қасиетті ана тілім» атты мерекелік шарамен қорытындыланды.
Апталық өткізуге атсалысқан барлық колледж оқытушыларымыз бен студенттерімізге алғыс білдіреміз.
21- 25 қыркүйек аралығындағы дәстүрлі «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты тіл апталығы аясында 24.09 күні «My future profession» тақырыбында ашық пікірталас алаңы өткізілді. «Менің болашақ мамандығым» пікірталасы – студенттерге бұл мамандықтың қаншалықты маңызды екендігін түсіндіріп, болашақ мамандықтарына қызығушылық деңгейлерін білу. Сайысты жүргізген шет тілі пәнінің оқытушысы Мұратова Жансәуле. Бұл ашық пікірталас алаңына «Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешісі», «Информатика пәнінің мұғалімі» біліктіліктерінің 1 – курс студенттері белсене қатысты.
Ашық пікірталас алаңында студенттердің ағылшын тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету, сұрақтарға мүдірмей толық жауап беру, қызықты видео арқылы психологиялық тест жауаптарын белгілеу және сөз саптауларының дұрыстығына көңіл аударылды.
Сайысты өткізу барысында жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудағы төрт дағды қамтылды: айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым. Сайыс 5 кезеңді қамтыды және әр кезеңде түрлі тапсырмалар берілді. Студенттер қызықты жауаптар беріп және барлығы өз ойларын ашық жеткізе білді. Ашық пікірталас алаңы студенттерге көптеген керекті ақпараттарды беретін мазмұнды шара болды.
21 – 25 қыркүйек аралығындағы дәстүрлі «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты тіл апталығы аясында 25.09 күні қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы С. Адилов, орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Э.Жаулиева ұйымдастыруымен «Грамоте учиться – всегда пригодится» тақырыбындағы зияткерлік сайысы болып өтті. Сайыстың мақсаты - студенттердің орыс және қазақ тілдеріне деген танымдық қызығушылықтарын арттыру, сайыс барысында топтар арасындағы өзара қарым – қатынас дағдыларын дамыту.
Қатысушылар: «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктіліктерінің 1 – курс студенттері.
Сайыс барысында студенттерге орыс және қазақ тіліне қатысты сұрақтар қойылып, қатысушылар білім деңгейлерін өте жақсы көрсете білді. Тартысты да, шынайы өткен бұл шарада «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі студенттерінен құралған «Знатоки» тобы жеңіске жетті.
21 – 25 қыркүйек аралығындағы дәстүрлі «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте » атты тіл апталығы аясында 24.09 күні «Poetry is the queen of languages» поэзия сағаты өтті. Поэзия сағатын шетел тілі пәнінің оқытушысы Ниярова Айгерім Нұрболатовна ұйымдастырды. Бұл поэзия сағатына «Шетел тілі пәнінің мұғалімі» біліктілігінің 1 – курс және 2 – курс студенттері қатысты. Поэзия сағатының мақсаты – студенттерді қазақтың ұлы кемеңгер ақыны А.Құнанбаев, орыстың ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған А.Пушкин және ағылшын ақыны, даңқты драматург У.Шекспирдің өлеңдері мен қарасөздерін ағылшын тілінде оқыту арқылы білімге және тілге құштарлығын арттыру. Поэзия сағатына мына студенттер: Г. Жалғасова, К. Дүйсенбаева, А. Матенова, Н. Эсболғанов, Б. Шарғабай, А. Қонашова, А. Хибасова және де Ж. Айгерім ұлы ақын А. Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» әнін үш тілде жоғарғы деңгейде орындап белсенділік танытты.
21 – 25 қыркүйек аралығындағы «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты тіл апталығы жоспарына сәйкес оқытушылар Дүзбаева Айнұр мен Демеева Ақтоты «Шаги в мир языкознания» тақырыбында ғылыми – практикалық конференция ұйымдастырды.
Конференция мақсаты: оқытушылар мен білім алушылардың іздену – зерттеу бағытында жұмыстану дағдыларын жетілдіру, студенттердің ізденімпаздық қабілеттерін дамыту және жаңа технология әдістеріне машықтандыру.
Қатысушылар: «Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» біліктілігінің 1 – 4 студенттері. Конференция барысында студенттер сарапшылар назарына видеопрезентациялар ұсынып, ізденіс барысындағы нәтижелерімен орыс тілінде ауызша қорғады.
Нәтижесінде 1 – орынды Төлегенова Айгерім мен Жұмашева Екатерина, 2 - орынды Айгалиева Гульмира, Дарябаева Ардақ, 3 – орынды Тулаева Гулбану мен Мұханғалиева Айдана иеленді.
Студенттер жауапкершілікпен дайындалып, конференцияның ІІ кезеңінде білім деңгейлерін Kachot бағдарламасында тест тапсыру арқылы көрсетті. Ұйымдастырылған шара өз деңгейінде өтіп, мақсатына жетті.